2015 жылы 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және ШҚО шағын және орта бизнес жұмысшылар кәсіподағы, «Форт Штрит» ТҚО өкілінің қатысуымен бензин, алкоголдік өнімдер, дизельдік жанармайды көтермелеп және (немесе) бөлшектеп өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілермен семинар-кеңес өтті.
Семинар жұмысында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының бөлім басшысы Г.К. Сабралимова, ШҚО шағын және орта бизнес жұмысшылар кәсіподағы төрайымы Г.С. Казанцева және «Форт Штрит» ТҚО төрағасы А.Ю. Глауб қатысты. Семинар барысында салық төлеушілерге қолданыстағы заңнаманың нормаларындағы негізгі өзгерістерді, соның ішінде әлеуметтік аударымдарды аудару және міндетті зейнетақы жарналар аудару тәртібіне қатысты айтты. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына 2015 жылғы 30-наурыздан күшіне енген өзгерістер, оның ішінде аударылған әлеуметтік салықтардың әлеуметтік аударымдарының ең көп мөлшерін шектеуді нормаларын болдырмау қарастырылатынын түсіндірді.
Одан ары салық төлеушілер 2015 жылғы 1 шілдеден бастап салық төлеушілердің міндеттері бойынша қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану туралы ақпараттандырылды. Сонымен бірге, ҚР Салық кодексімен бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін және басқа да қызмет түрлері бойынша көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы БКМ қолдануға бөлінуі қарастырылмағандығы көрсетілген. Олай болса, салық төлеушілермен деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналар қолдану арқылы жоғарыда қарастырылған қызмет түрін жүзеге асыру заңсыз.
Сондай-ақ, салық төлеушілерге ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №1393 қаулысымен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға болып айқындалғаны туралы ақпарат берілді.
Семинар барысында, сұрақтардың көпшілігі жаңа БКМ құнына сондай-ақ, олардың тізіміне қатысты қойылды, оған «Форт Штрит» ТҚО өкілі А.Ю. Глауб жауап берді.
Бұдан басқа, тағы салық төлеушілер POS-терминалдар арқылы төлем карточкасын қолдануды жүзеге асыратын есеп айырысуда БКМ қолдану міндеттілігі туралы сұрақтар қойылды, осыған байланысты салық төлеушілердің табысын көрсету тәртібі түсіндірілді.