Жақында «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Бауыржан Айнабеков құттықтады.
Төртінші билік тізгінін ұстаған еліміздегі әрбір журналисттің қоғамдық пікір қалыптастырып, рухани құндылықтарды нығайтудағы ұшан-теңіз еңбегін бағаламау мүмкін емес. Ел экономикасы қауіпсіздігін қорғаған мемлекеттік кірістер органдары қызметін, осы саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды халыққа анық әрі толық жеткізуде әрдайым аянбай еңбек етіп жүрген Глубокий аудандық «Огни Прииртышья» газетінің бас редакторы И.Д Немченко., Зайсандық аудандық «Достық» газетінің редакторы Ардақты Бөлдекбаева., Үржар аудандық «Уақыт тынысы» газетінің редакторы З. А. Буланова сондай-ақ, «Уба-Информ» газетінің бас редакторы С.А. Футкомаз, Семей қалалық «Спектр» газетінің журналисі М.Ж. Шыбантаева, Өскемен қалалық «Регион-Пресс» газетінің редакторы Х.В. Дорошенко, Катон-Қарағай аудандық «Арай-Луч» газетінің журналисі Т.А. Самойлова алғыс хаттармен марапатталды.
Бұдан басқа, ынталандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тығыз іс-әрекетті жүзеге асыратын бірнеше қызметкерлерге Департамент басшысы атынан бұйрықпен алғыс жарияланды және ерекшеленген камералдық бақылау басқармасының бас мамандары Дидар Смаиловқа және Жулдуз Курмангалиеваға ақшалай сыйақы берілді.
Билік пен халықтың арасындағы алтын көпірге айналған бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет дамуы мен Елбасының сарабдал саясатының жүзеге асуына өлшеусіз үлес қосуда.