Date of publication: 02.07.2015 16:58
Date of changing: 21.10.2019 15:34

2015 жылғы 02 шілдеде сағат 14:30 шамасында, кеден бекетінің қызметкерлерімен жеке тексеріп қарау жүргізу кезінде ҚХР-ның азаматшасы MILAMGULI ZHALEZIA-ның денесінен, іш киімінің астыннан 3 (үш) қара полиэтилен орамасы табылды. Орамалардың ішінен жалпы салмағы 500 грамм болатын 14 (он төрт) мөлдір қаптамаға салынған сары металлдан жасалған бұйымдар шықты.

Аталған дерек бойынша құжаттар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін ШҚО бойынша МКД ЭТҚ қызметкерлеріне берілді.