Date of publication: 01.07.2015 18:37
Date of changing: 21.10.2019 15:34

2015 жылдың 30 маусымында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы бекітілген, Қазақстан Респбуликасының 30.06.2014 ж. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын жүзеге асыруды ақпараттандыру бойынша Медиа-жоспарды орындау барысында «Қазақстан-Өскемен» РТРК телеканалының өкілдерімен кездесу жүргізілді.

Аталған кездесу барысында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары Жолдасбаев Еркін Қайырдоллаевич  «Мүлікті жария ету бойынша акция. Болашағы мен нәтижелері» тақырыбында сұхбат берді. Өз сөзінде департамент басшысының орынбасары Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары  жүргізілетін мүлікті жария ету мен жария ету тәртібінің негізгі артықшылықтарына тоқталды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлерде мүлікті жария етудің қажеттігі, сонымен қатар құнды қағаздар мен заңды тұлғаның жарғы қаржысына қатысу үлесін, облигациялар, ақша қаражаттарын заңдастыру мүмкіндігі туралы атап өтті. Сонымен бірге, жария етілген мүліктер мен ақшалар  салық салу мақсаты үшін табыс көзі болып табылмайды, соған сәйкес, табыс салығы салынбайды.

Өз сөзінің соңында, Еркін Жолдасбаев жария етудің тоғыз ай мерзімін қорытындылады және халықты жүргізіліп жатқан акция шегінде жылжымайтын мүлік құқығын заңдастыруға шақырды.