Date of publication: 17.06.2015 11:38
Date of changing: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылдың 1 маусымынан бастап облыстың барлық қалалары мен аудандарында келесі мәселелер бойынша:  бақылау – кассалық машинасының барлығы және оны қолдану тәртібін сақтау, салық салу режиміне сәйкестігі, шынайы кірістерді азайтып көрсеткендігін анықтау және жалдамалы жұмыскерлердің барлығын хронометраждық тексеру жолы арқылы жүзеге асыруды анықтау мақсатында , ішінара бақылау шаралары басталғандығын хабарлайды.                    

Қазіргі кезде мейрамхана бизнесі, сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлікті тексеру жүргізілуде. Хронометраждық тексеру аяқталғаннан кейін, қаржы-шаруашылық қызметін талдау арқылы тексерілуші субъектіге кірісті азайтып көрсеткен немесе салық заңдылығын бұзғандығы анықталған жағдайда, болашақта іспеттес бұзушылыққа жол бермеу мақсатында, жіберген бұзушылықты жою бойынша және салықтық міндеттемені орындау мәселесі бойынша түсініктеме береді.                                                           

Хронометраждық тексеру барысында бақылау-кассалық машиналарын қолданбау, қолдағы ақшаның есеп кітабын толтырмау, тапсырылатын салықтық есептілікте жалдамалы жұмыскерлерді көрсетпеу және сәйкесінше жұмыскерлер үшін төленетін әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының төленбеуі анықталды.                        

Біз барлық салық төлеушілерді уақытылы және толық көлемде өздерінің салықтық міндеттемелерін орындауға шақырамыз.