Жарма ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен 2015 жылдың 5 маусымында ШҚО білім басқармасының «Жарма технологиялық колледжі» студенттерімен кездесі өткізілді. Аталған кездесу «Жарма технологиялық колледжінің» студенттерін «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының басталуы бойынша хабарландыруға бағытталған.
Студенттерге акцияның негізгі мақсаттары мен міндеттері, өткізілу мерзімі, кассалық машиналардың түбіртектерін ұтыс купондарына айырбастау пунктерінің мекен-жайлары түсіндіріліп өтті.
Кездесу соңында, Жарма ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы студенттерді аталған акцияға белсене қатысуға шақырып, ұтыста жүлде ұтуларына тілек білдірді.