
03.06.2015ж. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында Тәуелсіздік даңғылы, 86 үй, «Салық қызметінің ардагерлері» Қоғамдық ұйымының ШҚО филиалының директоры С.Б. Нұғымановтың қатысуымен «Түбіртекті талап ет-жүлде ұтып ал» республикалық акциясының 1-ші кезеңінің мамыр айындағы ұтысы өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін жоғарлату, халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру, азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқығын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу.
Біз әрбір акцияға қатысушыға көрсеткен белсенділігі үшін алғыс білдіреміз және қатысушылар саны бұдан былай өседі деп үміттенеміз.
