Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «НҰРЛЫ ЖОЛ-БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» жолдауының негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыру іскерлік белсенділік мақсатында елдің экономикалық өсуі, эканомиканың дамуы, ел іміздің бюджетінің кіріс бөлігінің көбеюіне және азаматтардың игілігіне ықпал ету болып табылады.
Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бюджетті толтырумен қатар, негізгі міндеттерінің бірі ол салық төлеушілерге жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Салық қызметін көрсетудің жоғары сапасы, сонымен қатар салық органының стратегиялық тапсырмасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 05 наурыздағы №200 Қаулысымен салық органдары қызметінің жариялылығы, ашықтығы, заңды және жеке тұлғалар үшін ақпараттардың қол жетімділік принциптерін салық жүйесіне енгізуге бағытталған салық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 32 түрі бекітілген. Салық қызметтерінің стандарттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасақан.
Қазіргі кезде, мемлекеттік қызмет реестрін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде, электронды түрде көрсетілетін.
Осымен бірге, мемлекеттік кірістер органдарымен, салық төлеушілерді тарту бойынша, электронды түрде есептіліктерді тапсыру үшін тұрақты жұмыстар жүргізілуде.
Электронды қызмет түрін пайдалана отырып, әр салық төлеуші өзін мемлекеттік кірістер басқармасына қосымша келуден арылтады және уақытын үнемдейді, сонымен қатар, сервиспен жұмыс жасауға бейімделеді. Оның маңызды әрі пайдалы жағы болып, АЖ электронды түрде жолданатын құжаттардың жеткізілуіне кепілдік береді, ақпаратты рұқсаттсыз кіруден қорғайды және жеткізілген деректердің нақтылығы болып табылады.
Салық органдарымен әкімшілік бөгеулерді төмендету және салық төлеушінің жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы «Салық салу мәселелері бойынша бірқатар заңнама актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» №257-V нормативті-құқықтық актілеріне 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оңайлатылған рәсімдер бөлігіне тиісті өзгертулер енгізілді:
- ҚҚС төлеуші және кірістер мен шығыстарға айырып есеп жүргізуді қолданатын фермерлік немесе шаруа қожалығы болып табылмайтын, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрмайтын, салықтық тексерулер жоспарында жоқ, бюджетке және қорларға салық берешегi жоқ, камералдық бақылау мен құжаттамалық тексерісті жүргізбей, оңайлатылған тәртіпте Салық кодексінің 43-1 бабының жағыдайына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген салық төлеушілердің өтініштері бойынша дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінен шығару;
- тіркеу есебінен шығару үшін дара кәсіпкерлермен ұсынатын құжаттардың мөлшерін азайту (дара кәсіпкерлер қызметін тоқтату туралы БАҚ жариаланған ақпаратты растайтын құжаттар, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсіндірмені);
- патенттiң қолданылу мерзiмi өткен немесе қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару;
- Салықтық есептілік нысанын (ҚҚС басқа) Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және салықтық өтініштердің жекелеген түрлерін ұсыну мүмкіндігі (ДК тіркеу есебі, патент, ПИН-кодты меншіктеу, апосттылау, салықтық есептілікті ұсының мерзімін ұзарту).
- БКМ тіркеу есебінен шығару және қою мерзімін бес күннен үш күнге дейін қысқарту;
- Салық қызметі органдарына жедел режимде ақшалай есеп туралы мәліметтерді ұсыну функциясымен БКМ: 2015 жылдың 1 шілдесінен- мұнай және алкоголь өнімдерін сатуды жүзеге асыратын салық төлеушілермен; 2016 жылдың 1 қаңтарынан- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген, қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілермен қолданылады.
2014 жылдың 1 шілдесінен ерікті түрде электронды шот-фактура жүйесін енгізуді қалыптатыру, салық төлеушілердің шығынын елеулі түрде қысқартады.
Бүгінгі таңда, салық органдары қарым-қатынастардың жаңа және бар тәсілдерін жетілдіре отырып, салық төлеушілермен электрондық қарым-қатынасты дамыту бойынша жұмыстарды жалғасытаруда.
Барлық жаңа ақпараттық технологиялар салық төлеушілер мен салық қызметінің қарым-қатынастарын жақсартуға, сонымен бірге, мемлекеттік қызметті ұсынудың сапасын жоғарлатуға бағытталғандығын атап өту қажет.