

2026 жылғы 05 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту өткізілді.
Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Қойшинов Қ.К. қатысушыларға мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі талаптарын түсіндірді.
Оқыту барысында мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелеріне, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға байланысты шектеулерді сақтау және заңнамада көзделген жағдайларда мүлікті сенімгерлік басқаруға беру тәртібі түсіндірілді.
Кездесу соңында қызметтік әдеп нормаларын, адалдық, заңдылық және өз қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі жауапкершілік қағидаттарын қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.




























