
2025 жылғы 16 қарашадан бастап Қазақстанда салық есептілігін ұсыну және дербес шоттарды жүргізу Салықтық әкімшілендірудің жаңа ақпараттық жүйесінде (СӘАЖ) жүзеге асырылады.
Не өзгерді?
Салықтар бойынша есептеулер мен төлемдер дербес шоттарда нақты уақыт режимінде көрсетіледі. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу туралы өзекті деректерді онлайн-режимде тексеруге болады.
СӘАЖ жүйесінде салық есептілігінің негізгі нысандарын тапсыру кезінде салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының коды автоматты түрде анықталып, толтырылады.
Бұған дейін салық органы коды қате таңдалған жағдайда салық төлеушілер салық есептілігін кері қайтарып алу (қайтарып алу функциясы 2026 жылдан бастап жойылады) мүмкіндігін пайдаланатын. Осыған байланысты енгізілген шара есептілікті дұрыс толтыруды қамтамасыз етуге және салық органының кодын таңдаудағы қателер санын азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар икемділікті қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жағдайда салық төлеушіге салық органы кодын өз ерімен түзету мүмкіндігі қарастырылған.
Есептелген сомалар мен СЕН тапсырылғандығы туралы қайдан тексеруге болады?
Салықтар бойынша өзекті ақпаратты көруге және есептерді салық төлеушінің кабинеті — заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге, жеке тұлғаларға арналған негізгі веб-қосымша арқылы - бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттардан, сондай-ақ бюджеттік сыныптама кодтары бөлінісінде әлеуметтік төлемдер мен дербес шоттар бойынша үзінді көшірмені сұратуға болады.
СЕН мәртебесі және дербес шоттарға таратылатын сомалар Мемлекеттік кіріс органы (МКО) құжаттарды қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы электрондық хабарламада көрсетіледі.
Егер ұсынылған салық есептілігі қате мәртебесіне ие болса немесе дербес шотта тарату жүргізілмесе, хабарламаның толық мәтінімен танысу қажет. Онда нақты себеп көрсетіледі, мысалы: салық органының коды дұрыс емес, таратуға жататын сома жоқ және т.б. Кез келген түзетулер тек қосымша салық есептілігін тапсыру арқылы енгізіледі. Қосымша есептілікте бастапқыда көрсетілген деректер мен нақты көрсеткіштер арасындағы айырма көрсетіледі.




























