
Сұрақ: Салық кодексінің 400-бабында белгіленген ЖШС-ке қатысу үлестерін өткізу кезінде жеке тұлғалардың құн өсімінен түсетін табысын азайту шарттарын түсіндіруді сұраймын. Сондай-ақ қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға активтерінің құнында жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын адамның мүлік үлесін қалай анықтауға болады?
Жауап: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 400-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында құрылған резидент-заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде қолданылады:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;
осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциумға қатысушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан аз болады.
Жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі заңды тұлғаның активтері құнындағы үлес ретінде айқындау тәртібі «Өткізілетін акциялардың құнына немесе өткізу күніндегі қатысу үлесіне пайыздық арақатынастағы мүліктің үлесін, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) резидент-заңды тұлғаның, оның ішінде эмитент заңды тұлғаның активтері құнындағы мүлкінің үлесін анықтау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістерден салықты есептеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 605 бұйрығымен бекітілген.




























