
Сұрақ: Есепті кезеңде бір контрагентке қолма-қол түрде 4 рет төлем жасалған (3 500,0 мың теңге, 2 750,0 мың теңге, 2 900,0 мың теңге, 1 070,0 мың теңге), жалпы сатып алу сомасы 9 920,0 мың теңгені құрайды. Бұл шығындар КТС бойынша шегерімдерге және ҚҚС бойынша есепке жата ма?
Жауап: Бір контрагентпен жазбаша шарт болған жағдайда, шарттың бүкіл сомасы бір мәміленің сомасы болып есептеледі және осындай мәміле шеңберіндегі төлемдер жалпы түрде қарастырылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 151-баптың 1-тармағы, 378-бап). Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 25-бабының 9-тармағының талаптарын ескере отырып, егер мәміле сомасы 1 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асса, төлем тек қолма-қол ақшасыз түрде жүргізілуі тиіс.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, бір жеткізуші-контрагентпен (ҚҚС төлеушісі) жасалған шарт бойынша көрсетілген мәміленің жалпы сомасы ҚҚС-ты қоса алғанда, қолма-қол төлем арқылы төленген жағдайда, төлемнің мерзімділігіне қарамастан, төлем жасалған күнгі 1 000 еселенген АЕК шегінен асып кеткен болса, онда мұндай шығындар ҚҚС жеткізуші-контрагентпен корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімге және қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызылмайды.




























