Date of publication: 27.03.2026 17:59
Date of changing: 27.03.2026 18:00

Шығыс Қазақстан облысы 2026 жылғы қаңтар – ақпанда салық төлемдері бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 38,1 млрд.теңгені құрады. Жоспар 28,3 млрд.теңгені құрап 9,8 млрд.теңге сомасында асыра орындалып  134,8% құрады. 2025 жылдың ұқсас кезеңіне қатысты өсу қарқыны 602,8 млн.теңге сомасында өсіммен 101,6% құрайды.

Жергілікті бюджет түсімдері бюджеттің 3 деңгейінің: аудандық, облыстық және жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің түсімдерінен қалыптастырылады.

Аудандық бюджет бойынша 2 айда түсу фактісі 27,0 млрд.теңгені құрайды; облыстық бюджет бойынша – 9,9 млрд.теңге; жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттері боыйнша – 1,2 млрд.теңге. Барлық түсім   38,1 млрд.теңге сомасында.

Жергілікті бюджет түсімдерінің басым бөлігі мынадай көздермен қамтамасыз етілген:

  • Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ЖТС, түсімдердің үлесі 30,4% немесе 11,6 млрд.теңгені құрайды;
  • Әлеуметтік салық, түсімдердегі үлесі 27,7% немесе 10,5 млрд.теңгені құрайды;
  • Ірі кәсіпкерлік субъектілері-заңды тұлғалардан алынатын КТС жалпы түсімдегі үлесі 17,8% немесе 6,8 млрд.теңгені құрайды.