
Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 18.07.2025 жылғы № 214-VIII Кодексінің 109-бабына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарымен сот тәртібімен салық төлеушілерді мәжбүрлеп тарату рәсімі жүргізілетін хабарлайды.
Көрсетілген баптың шеңберінде, әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізілген және талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) салықтық есептілікті дербес ұсынбаған;
2) экспорттық-импорттық операциялар жасамаған;
3) банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;
4) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;
5) басқа заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кәсіпкерлікке қатысушы болып табылмайтын;
6) салықтық есептілік ұсынуды тоқтата тұрмаған;
7) жеке тұлғаларға мүлік, көлік құралдары салығын, жер салығын салу объектілерін қоспағанда, меншік құқығында көрсетілген салықтарды салу объектілері жоқ;
8) әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
9) тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен асатын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі жоқ салық төлеушінің қызметі мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылуға жатады.
Мәжбүрлеп таратуға келесі салық төлеушілер жатпайды:
1) салықтық мониторингке жататын;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметті жүзеге асыратын;
3) камералдық бақылау нәтижелері, салықтық тексерулер бойынша бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған немесе түсініктеме беру арқылы орындалған хабарламасы бар салық төлеушіге – мұндай бұзушылықтар болған кезде;
4) өзіне қатысты сот орындаушылары және (немесе) басқа да уәкілетті органдар шаралар (қамауға алу, шектеулер) қолданған;
5) ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мақсаттары үшін валюталық бақылау рәсімдері аяқталмаған экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың тарапы болып табылатын немесе болып табылған
6) талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған салық төлеушіге қолданылмайды.
Салық төлеушіні әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізу кезінде ескерілген мерзім қызметті мәжбүрлеп тоқтату кезінде қаралатын кезеңге қосылады.
Салық төлеушінің қызметін мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатуды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес заңды күшіне енген сот актісінің негізінде салық органы жүргізеді.
Қызметі мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылған салық төлеуші заңды күшіне енген сот актісінің негізінде салықтық тіркеу тәртібімен салық органының тіркеу есебінен шығарылады.
Мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің соңғы тізімі 1-ші шілдеден кешіктірмей қалыптастырылады.
Сәйкесінше, мемлекеттік кірістер органдарымен мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің бастапқы тізімі, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz web – порталында, Шығыс Қазақстан облысы қосымша бетінде, Біз жайлы – «Халықпен жұмыс жасау» бөлімінде көрсетілгенін хабарлаймыз.




























