Date of publication: 13.03.2026 17:22
Date of changing: 13.03.2026 17:23

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабына сәйкес 2026 жылғы 01 сәуірден бастап мемлекеттік кірістер органдары қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауын жүргізуді жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді (құқықтық актілер, жұмыс процестері, салықтық және кедендік  әкімшілендіру, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде және т.б.) s.kuanyshev@kgd.gov.kz электрондық пошта мекенжайына жіберуіңізді сұраймын

Сұрақтарыңыз болса 8/7232/70-10-48 телефон номеріне хабарласыңыз».