Date of publication: 12.03.2026 15:48
Date of changing: 12.03.2026 15:49

Кім қолдана алады:

  • Жеке кәсіпкерлер;
  • Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды тұлғалар (тыйым салынған санаттарды қоспағанда).

Табыс:

  • Жылдық табыс тиісті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 600 000 еселенген АЕК мөлшерінен аспауға тиіс;
  • Шаруа және фермер қожалықтарының табыстары есепке алынбайды.

Қызмет түрлері:

  • ҚР Үкіметі бекіткен тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне кірмейтін қызмет түрлеріне ғана рұқсат етіледі.

АСР қолдануға құқығы жоқ тұлғалар:

  • Басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25%-дан асатын заңды тұлғалар;
  • Құрылтайшылары/қатысушылары АСР қолданатын немесе АСР-дегі басқа заңды тұлғаларға қатысатын заңды тұлғалар;
  • АСР қолданатын заңды тұлғаның қатысушысы болып табылатын жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер;
  • Коммерциялық емес ұйымдар;
  • Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың, сондай-ақ «Астана Хабтың» қатысушылары;
  • Бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша салық төлеушілер.

Есеп пен есептілік:

  • ҚР Салық кодексінің 20-тарауына сәйкес салықтық есеп жүргізу;
  • Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агентінің міндеттерін ҚР Салық кодексінің 43-тарауына сәйкес орындау;
  • Салық және есепті кезең — жартыжылдық.