
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке – сұлулық пен нәзіктіктің, мейірім мен жан жылулығының жарқын символы. Сіздер қоғамымызда ерекше орын алатын, отбасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиесінің тірегі, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген абзал жандарсыздар. Сіздердің білікті кәсібиліктеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіз, өз қызметіңізге деген адалдықтарыңыз әрдайым зор құрметке лайық.
Сіздерге атқарып жүрген еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Әрқашан отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз шаттық пен берекеге толы болсын.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, көктемдей шуақты көңіл күй, барлық бастамаларыңызға табыс және армандарыңыздың орындалуын тілеймін! Әрдайым жақындарыңыз бен әріптестеріңіздің ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіздер! Мерекелеріңізбен!
Құрметпен,
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің басшысы –
С.С. Бимағамбетов.




























