
Мемлекеттік кірістер департаментінің әкімшілік құқық бұзушылықтар-бұл кедендік шекарадан тауарларды заңсыз өткізу, декларациялау ережелерін бұзу кедендік төлемдерді төлемеу немесе жасыру, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тасымалдау сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер. Бұл іс-әрекеттер айыппұл салу немесе тәркілеу сияқты шараларға әкеп соғады. Кеден саласындағы негізгі әкімшілік құқық бұзушылықтар: Тауарларды кедендік декларациялаусыз немесе дұрыс емес декларациялау:Тауардың сипаттамасын, санын, құнын немесе кодын (ТН ВЭД) әдейі бұрмалап көрсету. Кедендік шекарадан заңсыз өткізу: Тауарларды тығып немесе құжаттарды қолдан жасап өткізу. Кедендік төлемдер немесе салық төлемеу. Мемлекетке тиесілі қаражатты жасыру. Кедендік бақылаудан жалтару: Тауарларды кедендік ресімдеуден өткізбей тасымалдау. Тыйым салынған немесе шектелген тауарларды өткізу: Рұқсат құжаттарынсыз тауарларды (мысалы, қару, есірткі, арнайы жабдықтар) тасымалдау. Уақытша сақтау қоймаларының ережелерін бұзу: Кедендік тазалаудан өтпеген тауарларды сақтау ережелерін сақтамау. Жауапкершілік түрлері:
-Айыппұл салу (жеке және заңды тұлғаларға).
-Тауарларды тәркілеу (құқық бұзушылық құралы болған жағдайда).
-Құжаттарды тәркілеу.
«Майқапшағай» кеден бекетінде ағымдағы жылы 567 әкімшілік хаттама толтырылып 25166629 тг айыппұл салынып 100% өндірілді. 18.05.2025 жылы Қазақстан Республикасынан ҚХР-на өтіп бара жатқан «В» есімді азаматтың У Лин маркалы авто көлігін тексеру барысында, жазбаша декларацияға жататын ақша қаражаттары- 20000 Америка құрама штаттарының доллары, 8000 евро және 9250 Ресей рубльі тәркіленіп ҚР ӘҚБтК-нің 551 бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. 22.05.2025 ж Зайсан аудандық сотының Қаулысы негізінде тәркіленіп алынған теңгеге шақанда (9865097,50) мемлекет пайдасына тәркіленіп (2466274) теңге айыппұл салынды. Құқық бұзушылықтың субъектісі Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі-ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы міндетті кедендік декларациялауға жататын ақша құралдарын, сондай-ақ 10 000 АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақшаны өткізетін жеке тұлғалар болып табылады.




























