
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша өзгерістер күшіне енеді.
КТС мөлшерлемелері:
- Негізгі мөлшерлеме — 20% (өзгеріссіз).
- Төмендетілген мөлшерлемелер:
- ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және аквакультура — 3% (бұрын 10%);
- ауыл шаруашылығы кооперативтері — 6% (бұрын 10%);
- әлеуметтік сала ұйымдары (КЕҰ-дан басқа) — 2026 ж. 5%, 2027 ж. 10%.
- Жоғарылатылған мөлшерлемелер:
- банктік қызмет (кәсіпкерлікті кредиттеуден басқа) — 25%;
- ойын бизнесі — 25%.
Аванстық төлемдер:
- I тоқсан бойынша аванстарды салық органдары есептейді.
- Төлеу — өткен кезең сомасының ай сайын 1/12 бөлігі мөлшерінде.
- Аванстан босату үшін жылдық табыс шегі 600 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды (бұрын 325 000 АЕК).
- Жекелеген санаттар босатылады (құрлықтағы газ жобалары, КЕҰ, мүгедектігі бар адамдар ұйымдары — шарттарды сақтаған жағдайда).
- Цифрлық активтер саласындағы салық төлеушілер аванс төлеушілер болып табылады.
Қосымша:
- Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын тұлғалардан алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша шығыстар шегерімге жатқызылмайды.
- Мүгедектігі бар адамдар ұйымдары үшін КТС-ты 50% немесе 100%
азайту қарастырылған.




























