
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша маңызды өзгерістер күшіне енеді. Ең бастысы
ЖТС: прогрессивті мөлшерлеме енгізіледі
Енді мөлшерлеме табыс деңгейіне байланысты болады:
▪️ 8 500 АЕК-ке дейінгі табыс — 10%
▪️ 8 500 АЕК-тен жоғары — 15% (тек асқан бөлігіне)
Табыс жоғары болған сайын салық мөлшері де артады. Бұл салық салудың әділ жүйесіне көшу қадамы.
Жеке тұлғаларға арналған салықтық шегерімдер
Жеке тұлғалар төмендегі шегерімдерді қолдана алады:
-Әлеуметтік төлемдер бойынша шегерімдер (МЗЖ, МӘМС жарналары, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша әлеуметтік аударымдар)
-Негізгі шегерім — айына 30 АЕК, бірақ жылына 360 АЕК-тен аспайды
-Әлеуметтік санаттарға арналған қосымша шегерімдер:
- мүгедектігі бар адамдар
- мүгедек балалары бар ата-аналар мен қамқоршылар
- ҰОС және жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері
- асырап алушылар, қабылдаушы ата-аналар және т.б.
Негізгі шегерім тек бір салық агенті арқылы және қызметкердің өтініші негізінде қолданылады.
Әлеуметтік салық: жаңа тәсілдер
Салық салу объектісі — жұмыс берушінің қызметкерлер табысы бойынша шығыстары
Объектіден МЗЖ, МӘМС жарналары және Салық кодексінде көзделген кейбір табыстар алынып тасталады
Әлеуметтік салық мөлшерлемелері:
▪️ 6% — жалпы мөлшерлеме (әлеуметтік аударымдарға байланыссыз)
▪️ 1,8% — ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өз өнімін қайта өңдеу үшін
ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғалар
• Өзі үшін — 2 АЕК
• Әр қызметкер үшін — 1 АЕК
Шаруа қожалықтары (ШҚ)
• Өзі үшін — 0,6 АЕК
• Әр қызметкер үшін — 0,3 АЕК
Өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Табыс пен салық жүктемесін жоспарлау кезінде осы нормаларды ескеру маңызды.




























