
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді, оған сәйкес ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін ең тиімді режимдердің бірі – арнаулы салық режимі (АСР) сақталды.
Кімдер қолдана алады:
Меншік немесе жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар шаруа және фермер қожалықтары.
Жер көлеміне шектеулер:
Аумақтық аймаққа байланысты –
5 000 / 3 500 / 1 500 / 500 гектарға дейін.
Егер жер учаскелері әртүрлі аймақтарда орналасса – ең жоғары лимит қолданылады.
АСР қолданылатын қызмет түрлері:
• ауыл шаруашылығы өнімін өндіру
• өз өнімін өткізу
• өз өндірген өнімді қайта өңдеу және сату
Акцизделетін тауарларға қолданылмайды.
Салықтар мен төлемдер:
- ЖТС (жеке табыс салығы) – табыстың 0,5%
- жер, мүлік, көлік және әлеуметтік салықтардан босату
- ҚҚС-тан босату (импорт пен резидент еместер үшін ҚҚС-тан басқа)
- қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем жоқ
Есептілік:
Декларация жылына 1 рет – 31 наурызға дейін.
2026 жылы АСР фермерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудың тиімді әрі қолайлы құралы болып қала береді.




























