Date of publication: 05.02.2026 11:38
Date of changing: 05.02.2026 11:38

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.