Date of publication: 30.01.2026 16:11
Date of changing: 30.01.2026 16:14

2026 жылғы 30 қаңтарда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін Ашық есік күні өткізілді.

«Халықтық бухгалтер» республикалық акциясы мемлекеттік кірістер органдары қызметінде сервистік тәсілді дамытуға, халықтың салықтық сауаттылығын арттыруға және салық заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алуға бағытталған.

Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Салық төлеушілерге арналған консультациялар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіледі:

қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін; наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.

Консультациялар мына мекенжай бойынша өткізіледі: Өскемен қ., Н. Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.

Облыстың басқа қалалары мен аудандарының салық төлеушілері үшін бейнебайланыс арқылы консультация алу мүмкіндігі қарастырылған. Байланыс нөмірі: 8 771 123 80 84.