Date of publication: 20.01.2026 12:44
Date of changing: 20.01.2026 12:50

2026 жылғы 13 қаңтарда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған семинар өтті. Іс-шара Ахмирова кентіндегі №49 орта мектептің базасында ұйымдастырылып, оған мектеп мұғалімдері мен оқушылардың ата-аналары қатысты.

Семинар барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы жан-жақты баяндады. Атап айтқанда, жеке табыс салығы, корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік салық, қосылған құн салығы, көлік салығы, жалпыға бірдей декларациялау, сондай-ақ арнайы салық режимдері бойынша түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар қатысушыларға «Халық бухгалтері» акциясы туралы ақпарат ұсынылды.