
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, жеке айдалануға арналған тауарларды кедендік шекара арқылы әкелу кезінде, жеке тұлғалар тауарларды кесіп өту орынындағы мемлекеттік кірістер органдарына жолаушылар кедендік декларациясын ұсынады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешімімен жолаушыларға арналған кедендік декларацияның нысаны, сонымен қатар, олаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру және жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруіне (толықтырылуына) байланысты кедендік декларацияларды жасау тәртібі бекітілген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығының 30-қосымшасына сәйкес, "Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы бекітілген.
Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға уәкілетті мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасына жолаушылар кедендік декларациясының қағаз жеткізгіштерін беру арқылы не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырады.
Деректерді толтыру үшін кеден органдарының «Keden» АЖ ақпараттық жүйесі қолданылады.
2025 жылғы 22 сәуірден жолушылар кедендік декларациясы тек қана «Keden» АҚ рәсімделеді (компьютерде онлайн немесе «E-Salyq Azamat» мобильді қосымша).
Декларацияны толтыру кезінде:
-жолаушының құжаттық деректері;
-тауарларды тасымалдау бағыты;
-тауарлардың сипаттамасы (түрі, сипаты, салмағы, құны);
-қажет жағдайда-баждар мен салықтар төлемі;
-ЭЦҚ көмегімен қолы (электрондық цифрлық қолтаңба).




























