
Қазақстан Республикасының 18.07.2025 жылғы №214-VIII Салық кодексінің 114-бабының 1-тармағына сәйкес салық есептілігі салық төлеушінің салық салу объектілері туралы, активтер мен міндеттемелер туралы, салық органына берілетін салық міндеттемелері мен әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы ресми құжаты болып табылады.
Салық есептілігі саласындағы мемлекеттік қызметтерге мыналар кіреді: - Салық есептілігін қабылдау
- Кеден одағы шеңберінде салық есептілігін қабылдау (328.00 СЕН)
- Салық есептілігін кері қайтарып алу (2026 жылдан бастап жойылды)
- Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (қайта бастау)
- Салық есептілігін ұсынуды ұзарту (2026 жылдан бастап жойылды).
Жоғарыда көрсетілген қызметтер 31.01.2020 жылғы № 39/НҚ Бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне енгізілген.
Жаңа Салық кодексі шеңберінде «хабарлама бойынша қосымша» салық есептілігінің түрі «хабарлама бойынша» түріне өзгертілгеніне назар аударамыз.
Салық есептілігі мемлекеттік кірістер органдарына (МКО) Салық кодексінде белгіленген тәртіппен / мерзімдерде және ҚР ҚМ 10.07.2020 жылғы №665 Бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының тәртібіне сәйкес ұсынылады.
Қызмет алушы салық есептілігін таңдауы бойынша МКО-ға тапсырады:
- келу тәртібімен қағаз жеткізгіште (МКО орталықтары / Мемлекеттік корпорация орталықтары) немесе пошта арқылы;
- СӘИЖ салық төлеушінің кабинеті, СЕӨЖ АЖ, eGov ЭҮП, eGov mobile мобильдік қосымшалары, e-Salyq Azamat, e-Salyq Business, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы электрондық тәсілмен.
Салық есептілігін өңдеу СӘИЖ-де жүргізіледі («МКО АЖО» жүйесінің «есеп беру» модулі).
МКО жүйесімен салық есептілігін қабылдау және өңдеу кезінде форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) - МКО жүйесімен салық есептілігін толтырудың толықтығы мен дұрыстығын тексеру жүргізіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы/ көрсетілетін қызметті ұсынушы (МКО) СӘИЖ техникалық қолдау қызметіне knpsd@ecc.kz жүгіне алады.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер ұсынылған салық есептілігін қайтарып ала алмайды. Тек қана ЕАЭО шеңберіндегі 328.00 нысаны (тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш) қарастырылмайды.
Бұрын берілген СЕН - дағы түзетулер қосымша салық есептілігі немесе хабарлама бойынша есептілік арқылы ғана мүмкін болады.
Егер салық төлеуші СЕН уақытында тапсырмаса, жүйе автоматты түрде сол кезеңдегі нөлдік есептілікті қалыптастырады.
Осыдан кейін, СЕН сол кезеңде беру мүмкін емес, келесі жағдайларды қоспағанда: қосымша СЕН және СЕН белгіленген мерзімде қағаз тасығышта ұсынылса.
Егер салық төлеуші СЕН қағаз жеткізгіште тапсырса және ол «құжат қабылданды» мәртебесін алса, автоматты түрде қалыптасқан нөлдік СЕН жойылады. Бұл салық есептілігі пошта арқылы жіберілген жағдайда.
ҚР Қаржы министрі 12.11.2025 ж. № 695 «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы бекітілгені туралы қосымша хабарлаймыз.
Көрсетілген бұйрықта:
- салық есептілігінің нысандары және оларды жасау бойынша түсініктемелер;
- салық есептілікті нысандарын ұсыну ережесі;
- «салық есептілігін қабылдау», «салық есептілігін ұсынуын тоқтата тұру, қайта бастау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.
Салық есептілігін кері қайтарып алуды, сондай-ақ оны ұсыну мерзімдерін ұзартуды көздейтін нормалар 01.01.2026 жылдан бастап күшіне енетінін және оның ішінде көрсетілген күнге дейін туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатынын қосымша хабарланады.




























