Date of publication: 12.12.2025 15:15
Date of changing: 12.12.2025 15:20

2025 жылғы 12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын түсіндіру мақсатында семинар өткізді. Іс - шара Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында салық төлеушілердің, БАҚ өкілдері және КРО қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Департамент басшысы орынбасарының м.а. Асхат Жибитаев қосылған құн салығына қатысты өзгерістерді, соның ішінде дифференциалды мөлшерлемелерді, ҚҚС бойынша есепке қою тәртібін және ҚҚС артылған сомасын қайтару тәртібін түсіндірді.

Сондай-ақ арнайы салық режимдері бойынша жаңашылдықтар қаралды. Қолданыстағы режимдер саны жетеуден үшке дейін қысқартылды: өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим, жеңілдетілген декларация негізіндегі режим және шаруа / фермер қожалықтарына арналған режим. Бұл ақпаратты Камералдық мониторинг басқармасының басшысы Гүлжанат Беркутова ұсынды.

Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова жеке табыс салығына қатысты өзгерістерді, мөлшерлемелер мен шегерімдерді түсіндіріп, жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.

Бақылау - кассалық машиналары және 2.0.3 хаттамасына көшу мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы, Мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту және сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Аян Изеков баяндама жасады.

Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.