Date of publication: 05.12.2025 15:27
Date of changing: 05.12.2025 15:35

2025 жылғы 5 желтоқсанда «Ауежай – Өскемен» кедендік постының қызметкерлері сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) қатысушылары үшін дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында жеке қолдануға арналған тауарлар тізіміне қатысты мәселелер талқыланды. Кедендік пост мамандары мұндай тауарларды әкелу және шығару ережелерін, оларды рәсімдеудегі талаптар мен заңнама шеңберіндегі шектеулерді егжей-тегжейлі түсіндірді. Қатысушылар барлық қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты түсініктемелер алды.

Іс-шараның мақсаты – СЭҚ қатысушыларын қолданыстағы ережелер туралы хабардар ету және жеке қолдануға арналған тауарларды кедендік рәсімдеуді жеңілдету болды.