

2025 жылғы 27 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Қойшинов Қ.К. Өскемен, Риддер қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының, Глубокое, Шемонаиха, Самар аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының лауазымды тұлғаларымен онлайн-кеңес өткізді.
Кеңес барысында «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік органдарда темекі шегуге қарсы іс-шаралар талқыланды.
Қойшинов Қ.К. мемлекеттік қызметшілер қоғамға үлгі болуы тиіс екенін, заң талаптарын бұзбауы, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы және салауатты өмір салтын ұстануы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол құмар ойындарына қатысуға, қоғамдық орындарда және көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқаруға тыйым салынатынын еске салды.
Кеңес қорытындысы бойынша Қойшинов Қ.К. жоғарыда айтылған талаптарды тұрақты сақтау, тәртіпті нығайту және мемлекеттік органдарда заңдылық пен жауапкершілік атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.




























