

2025 жылғы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеу тақырыбына арналған семинар өтті.
Семинарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті basşıсының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов Казыбек Кадесович КГУ «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің маманы Назарбеков Ринат Токтамысовичпен бірлесіп жүргізді.
Өз сөзінде лектор Назарбеков Р.Т. бүгінгі күні әлемде және әсіресе Қазақстан Республикасында әрекет ететін деструктивті діни ағымдар туралы кеңінен баяндап, олардың діни көшбасшыларын атап өтті.
Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың пайда болу тарихы, олардың шығу себептері, жұмыс әдістері, ел тұрғындарының қай топтары мұндай заңсыз деструктивті діни ағымдарға оңай тартылуы мүмкін екендігі туралы айтылды.
Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Казыбек Қадесович қызметтік әдеп нормаларын үнемі сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.




























