
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Fortune – Invest» қаржы қызметі агенттігі ШҚ филиалы директоры М.К. Досумбаева қызметкерлерге «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 954 қаулысына сәйкес ақпараттық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың тұрмыс деңгейін көтеруге септігін тигізетінін Менсара Қонысбекқызы атап өтті.
Қаржы ұйымдарының өздерінің алдында бизнестің ағымдағы құнын ұлғайту, басқарылатын тәуекелдер мен шығындар құрылымы жағдайында оның негізгі қызметтен түсетін кірістілігін барынша, ең алдымен, көрсетілетін қызметтер көлемін өсіру есебінен ұлғайту мақсаты тұр. Қаржы делдалы функциясын барынша тиімді жүзеге асыратын қаржы секторын қалыптастыру қоғам мен мемлекет үшін де, сол сияқты қаржы ұйымдары үшін де ортақ мақсат болып табылады.
Дүниежүзілік сауда ұйымына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке ықпалдасу, өз кезегінде, қаржылық қызметтер нарығын одан әрі ырықтандыру үшін алғышарттар құрады. Қаржы нарығындағы бәсекелестіктің кейіннен күшеюі, бір жағынан, көрсетілетін қызметтер аясының сапасын арттыруға және кеңейтуге апаруы тиіс.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қаржы ұйымдарының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қатысуымен талқыланды, соның нәтижесінде қаржы секторының жұмыс істеуінің жақсаруына бағытталған түрлі пікірлер, ұсыныстар, идеялар қамтылды.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бәсекеге қабілетті қаржы секторын құруға және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын қоса алғанда, үздік халықаралық стандарттар негізінде экономикада ресурстарды қайта бөлуде оның тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ, ол қызметкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.