Date of publication: 11.11.2025 14:15
Date of changing: 11.11.2025 14:16

2025 жылғы 07 қарашада Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігінің алаңында мемлекеттік органдар өкілдері мен туристік сала кәсіпкерлерінің қатысуымен туризмді дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Іс-шараға ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова, сондай-ақ Камералдық мониторинг басқармасының басшысы Гүлжанат Беркутова қатысты.

Гүльмира Сабралимова өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер бойынша түсініктемелер берді, сондай-ақ Департамент өкілдері кеңеске қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Салықтық әкімшілендіруге және туризм саласындағы салық салу ерекшеліктеріне қатысты жаңалықтарға ерекше назар аударылды.

Іс - шара соңында қатысушылар салық саясатының ашықтығын арттыру және өңірдің туристік саласын одан әрі дамыту үшін мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы сындарлы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті