
Тауарларды шығарудың күшін жоюға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ҚР Кодексі) 192 бабы 5 тармағына сәйкес Комиссия айқындайды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 19 желтоқсандағы «Тауарларды шығаруға байланысты кейбір мәселелер туралы» № 188 Шешімімен (бұдан әрі -Шешім) бекітілген Тауарлар шығаруға, тауарлар шығарудан бас тартуға және тауарлар шығаруды жоюға байланысты кедендік операциялар жасаудың, тауарлар шығару мерзімін тоқтату,
мұндай тоқтатудың мерзімін ұзарту және оларды бұзу туралы шешімдерді ресімдеудің, сондай-ақ, мұндай шешімдерді қабылдау туралы хабардар етудің
тәртібінің 25 тармағына сәйкес, кеден органдарының тауарларды шығаруды жою жағдайлары мен мерзімдері, атап айтқанда:
1) Еуразиялық экономикалық одақ кеден Кодексінің 113, 116 бабтарында көзделген жағдайларда (мерзімдік декларациялау кезінде, тауарларды жекелеген «аяқталмаған» кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде) декларацияны кері қайтарып алу туралы;
2) декларанттың дәлелді өтініші бойынша мынандай жағдайларда:
- бұл тауарларға қатысты тауарлар декларациясы бұрын басқа номермен тіркелсе;
- тауарлар шын мәнінде кеден одағының аймағына кіргізілмесе.




























