Date of publication: 01.10.2025 17:48
Date of changing: 01.10.2025 17:48

2025 жылғы 1 қазанда Глубокое ауданындағы Абай атындағы Мәдениет үйінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өтті.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері қатысып, негізгі өзгерістерді түсіндірді, оның ішінде:

          •        жаңа Салық кодексінің жалпы ережелері;

          •        жеке табыс салығы: мөлшерлемелер мен шегерімдер;

          •        әлеуметтік салық;

          •        корпоративтік табыс салығы және аванстық төлемдерді төлеу тәртібі;

          •        жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;

          •        ҚҚС бойынша өзгерістер: мөлшерлемелер, ҚҚС бойынша есепке қою, артық соманы қайтару тәртібі;

          •        арнаулы салық режимдеріндегі түзетулер, камералдық бақылау;

          •        берешекті мәжбүрлеп өндіру шаралары, сондай-ақ салық төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігі.

Семинар барысында жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері, салықтық әкімшілендірудегі өзгерістер, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлік қызметке қатысты тәжірибелік мәселелер қаралды.

Қатысушылар жаңа Салық кодексі салық жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға, адал бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.