Date of publication: 19.09.2025 08:57
Date of changing: 19.09.2025 08:58

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті халықтың салық мәдениетін арттыру, кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету және көлеңкелі экономиканы азайту мақсатында «Amian» мобильді қосымшасы арқылы келесі акцияларды өткізуде:

         1.      «Түбіртекті талап ет – жүлде ұтып ал»

         •        Мерзімі: 2025 жылғы 3 сәуір – 31 желтоқсан аралығында.

         •        Қатысу: түбіртектерді қосымша арқылы тіркеу.

         •        Жүлделер: ақшалай және бағалы сыйлықтар.

 

         2.      «Бәйге»

         •        Мерзімі: 2025 жылғы 1 мамыр – 31 желтоқсан аралығында.

         •        Нәтижелері тоқсан сайын шығарылады.

         •        Ең көп түбіртек жинаған 20 жеңімпазға (әр өңірден) – 100 000 теңге беріледі.

 

         3.      Пилоттық жоба «Salyq кэшбэк»

         •        Мерзімі: 2025 жылғы 15 наурыз – 31 желтоқсан аралығында.

         •        Мәні: шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жасалған сатып алулардан 2%-ы қайтарылады.

         •        Қаражатты картаға немесе телефон теңгеріміне аударуға болады.

 

         4.      Halyk Bank-пен ай сайынғы ұтыс ойындары

         •        Мерзімі: 2025 жылғы 1 маусым – 30 қараша.

         •        Жүлделер: 100 000 бонусқа дейін.

         •        Шарттары: Halyk картасымен немесе QR арқылы төлем жасау.

 

Түбіртектің маңыздылығы:

         •        Түбіртек — мәмілені растайды және тұтынушының құқықтарын қорғайды.

         •        Түбіртек берілмеген жағдайда кәсіпкердің табысы төмендейді, салық түсімдері азаяды.

         •        Әр түбіртек — экономиканың ашықтығына және адал кәсіпкерлікке қосқан үлес.

 

Сонымен қатар, «Amian» қосымшасында кассалық тәртіп бұзушылықтарға  (түбіртек бермеу, картамен төлеуден бас тарту) бойынша шағым жіберу қызметі қолжетімді.