
2025 жылғы 03 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілдері Арыстанбекова Кәмшат Болатқызы және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің уәкілі Ақбаев Тасқын Тұрағалдыұлы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарын сақтау мәселелері айтылды.
Арыстанбекова Кәмшат Болатқызы өз сөзінде Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерден тек қызметтік міндеттерді уақытылы орындауды ғана емес, сыртқы келбетке де жоғары талаптар қоятынын, сондай-ақ әріптестер, қызметтік бағынысты адамдар және басшылық арасындағы қарым-қатынасты реттейтінін атап өтті. Спикердің айтуынша, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәсекелерге қатысуына тыйым салынған.
Ақбаев Тасқын Тұрағалдыұлы қоғамдық орындарда алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жүру және көлік құралын ондай күйде басқару құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары талқыланып, атап өтті.
Кездесу соңында қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына, Әдеп кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауды ұсынды. Кездесудің соңында спикерлер қатысушыларға алғыс айтып, болашақтағы қызметінде сәттілік тіледі.




























