Date of publication: 25.08.2025 16:00
Date of changing: 25.08.2025 16:02

Құрметті салық төлеушілер!

 

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа «Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесін» (СӘИЖ), оның ішінде салық төлеушінің жаңа кабинетін (СӘИЖ СТК) кезең-кезеңімен іске қосу жүргізілуде.

2025 жылғы 25-тамыздан бастап СӘИЖ СТК-не келесі нысандары табыс етуге қол жетімді болады:

1. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алу туралы салықтық өтініші;

2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініші;

3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініші;

4. Грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтініші;

5. Қосылған құн салығының асып түскен сомаларының дұрыстығын растау бойынша салықтық өтініші.

СӘИЖ СТК-не кіру үшін knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

СӘИЖ салық төлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салық төлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған

Сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметіне:

1. knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы;

2. 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласа аласыз.

Назарларыңызға: СӘИЖ СТК жүйесінің функционалы іске қосылуына байланысты, көрсетілген нысандары ескі СТК және СӘИЖ арқылы ұсыну мүмкіндігі бұғатталатынын ескертеміз.

 

#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня