
Құрметті салық төлеушілер!
2025 жылдың 25 тамызына дейін салықтар мен төлемдерді төлеуді ұмытпаңыздар.
• Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлем;
• Төлем көздерінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығы;
• Жұмысшының табысынан ұсталатын жеке табыс салығы;
• Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР қолданатын дара кәсіпкерлердің табысынан жеке таыс салыға;
• Бірыңғай төлем;
• Әлеуметтік төлем;
• Әлеуметтік аударым;
• Міндетті зейнетақы жарнасы;
• Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы;
• Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы;
• МӘМС аударымдары мен жарналары;
• Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдері;
• Экспортқа рента салығы;
• Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;
• Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер;
• Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлем;
• Ойын бизнесі салығы;
• Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы;
• Цифрлық майнинг үшін төлемақы;
• Қоршаған ортаға теріс әсері еткені үшін төлемақысының ағымдағы төлемі;
• Жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
• Бөлшек салықтың АСР бойынша;
• Шетелдік интернет – компаниялардан ҚҚС;
• 2025 жылдың 1 жартыжылдығына оңайлатылған декларация бойынша салықтар.