Date of publication: 06.08.2025 16:31
Date of changing: 06.08.2025 16:35

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік шекарадан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаудан өткізу кезінде

«Майқапшағай» кеден бекеті қызметкерлерімен Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000  АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 343-бабының 1-бөлігі 7) тармақшасында, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шiлдедегi №167-VІ «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңының 1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасы бойынша, шетел валютасы валюталық құндылықтар болып табылады.

Заңның 6-бабының 8-тармағына сай, валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді резиденттер мен бейрезиденттер Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтаған кезде шектеусіз жүзеге асырады.

Олай болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабының 3-бөлігімен жауаптылық жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн және жазбаша декларациялауға жататын ақша қаражатын және ақша құралдарын декларацияламауы не анық емес декларациялауы орын алған кезде,  декларацияланбаған не анық емес декларацияланған ақша қаражаты мен ақша құралдары тәркілене отырып, декларацияланбаған не анық емес декларацияланған қолма-қол ақша қаражаты сомасының және (немесе) ақша құралдары құнының жиырма бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.