
2025 жылғы 15 наурыздан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасын іске асыруда. Жобаның мақсаты:
Азаматтық белсенділікті арттыру,
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру,
Фискалдық чектерді алуды ынталандыру,
Көлеңкелі экономиканың үлесін азайту.
Жобаның мәні: Әрбір азамат микро немесе шағын бизнес өкілінен ККМ арқылы фискалдық чек алған жағдайда, сатып алу сомасының 2%-ы мөлшерінде кэшбэк ала алады. Ол үшін:
1. Фискалдық чекті алу
2. «Amian» қосымшасында сканерлеу
3. Айына 20 000 ₸ дейін сыйақыны картаға немесе мобильді шотқа алу қажет.
Бірінші кезеңнің нәтижесі (Семей, Ақкөл):
Чектер саны 2 есе артты
Чектер бойынша жалпы сома 32%-ға өсті
2025 жылы қосылған жаңа өңірлер: Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары
Қосылуы күтілуде:
Талдықорған қаласы (Жетісу облысы)
2025 жылғы шілде айындағы көрсеткіштер:12 378 азамат жалпы сомасы 62,6 млн ₸ кэшбэк алды.
Чектер саны 13%-ға, ал сома 18%-ға артты
«Amian» қосымшасы арқылы басқа да акциялар іске асырылуда:
«Чек талап ет — сыйлық ұтып ал!» — 60 000-нан астам жеңімпаз
«Бәйге» — ең көп чек жинағандарға 100 000 ₸
Halyk Bank-пен бірлескен акция — ай сайын 100 000 бонус
«Amian» қосымшасы App Store және Google Play-де қолжетімді
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды қолма-қол емес төлемдерді дамытуға, бизнестің ашықтығына және салық тәртібінің артуына ықпал ететін жобалар мен акцияларға белсенді қатысуға шақырады.
Бейнеарнаны көрі үшін сілтеме арқылы өтіңіз: https://www.instagram.com/reel/DMwwPuhAzJL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==




























