
2025 жылғы 28 шілдеде «ALTAI» телеарнасында «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимовамен салық заңнамасындағы жаңалықтар, енгізілген өзгерістер және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі туралы сұхбат өтті.
Эфир барысында жаппай декларациялау, жеке табыс салығы бойынша шегерімдер мәселелері бойынша өзгерістер айтылып, жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге, оның ішінде арнаулы салық режимдеріне қысқаша шолу жасалды.
Сонымен қатар, спикер мобильді аударымдар, жеке тұлғалардың жергілікті салықтарын төлеу мерзімдері мен жеңілдіктері, цифрлық жаңашылдықтар мәселелеріне жауап беріп, мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін атқару барысында Этикалық кодекс нормаларын сақтау мәселелеріне де тоқталды.
Сұхбат азаматтар мен бизнес өкілдерінің салық саласындағы жаңалықтар туралы хабардарлығын арттыруға, салық саясатының ашықтығын қамтамасыз етуге және мемлекеттік кірістер органдарымен өзара әрекеттесуді жеңілдетуге бағытталған.
Бейнеарнаны көру үшін сілтеме арқылы өтіңіз: https://www.youtube.com/watch?v=5JPSv256M78




























