
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар! ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 1 жартыжылдықта шетелдік тауарларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгеннен қарағанда, кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен ставкалары қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша есепті ұсыну мерзімі 5 тамызда аяқталатынын еске салады.
Кеден заңнамасына сәйкес шетелдік тауарларды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғалар кеден органдарына сақталатын, тасымалданатын, өткізілетін, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілікті ұсынуға міндетті.
Есептілікті ұсыну тәсілі, есептің нысаны, электрондық құжат түріндегі ұсынылатын есептің құрылымы мен форматы, есептілікті толтыру тәртібі, ұсыну мерзімдері "Мемлекеттік кіріс органына есептілікті жүргізу мен ұсынудың кейбір мәселелері туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығымен бекітілген.
Маңызды сәттер:
- Мемлекеттік кірістер органдарына есеп беру Excel форматында электрондық құжат түрінде ұсынылады;
- есептілік жарты жылда бір рет, 5 ақпан мен 5 тамызынан кешіктірілмей беріледі;
- есептілік шетелдік тауарларды иеленетін және (немесе) пайдаланатын тұлғалар тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органына беріледі (тек қана тіркеу есебінің орны бойынша, тауарға декларация берілген жер бойынша емес);
- есептілік тауарларға арналған декларация тіркелген кезден бастап 5 жыл ішінде, яғни Кодекстің 89-бабының 3-тармағында көзделген талап қою мерзімі шегінде ұсынылады.
Есеп нысанын толтыру тәртібі бұйрықта жазылған.
Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органына ұсынбау не дұрыс емес есептілік беру, сол сияқты осындай тауарлардың есебін жүргізу тәртібін сақтамау – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын атап өту маңызды.
Баптың санкциясы 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды көздейді (жеңілдетілген тәртіппен бұл 12,5 АЕК). Сонымен қатар, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты айырмашылық жоқ.




























