Date of publication: 18.07.2025 09:26
Date of changing: 18.07.2025 09:29

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 қазанында аяқталатынын еске салады

Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес, жеке тұлғалардың 2024 жылға арналған мүлік салығын төлеу мерзімі – 2025 жылғы 1 қазанға дейін.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен анықталған мүлік объектілерінің құны мен меншік құқығындағы иелену мерзімі негізінде есептеледі.

Салық автоматты түрде есептеліп, 2025 жылғы маусым айында меншік иелеріне хабарланған. Ақпарат екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, e-Salyq Azamat, eGov mobile арқылы push-хабарламалар ретінде жіберілді.

 Маңызды:

2025 жылғы 2 қазаннан бастап салықтық міндеттемесін уақытылы орындамаған жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.

Егер берешек сомасы 1 АЕК-тен асатын болса, хабарлама табысталған күннен бастап 30 жұмыс күнінен кейін мәжбүрлеп өндіріп алу туралы бұйрық шығарылады және ол 5 жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушыларына жолданады.

Қосымша салдары:

  • берешек сомасының 25%-на дейінгі мәжбүрлеп өндіріп алу алымы;
  • банк шоттарына тыйым салу;
  • елден шығуға шектеу қою.
  • Қосымша шығындар мен шектеулерге жол бермеу үшін жеке тұлғаларға мүлік салығын мерзімінде төлеу ұсынылады.

Салықты төлеу жолдары:

  • e-Salyq Azamat және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
  • eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;
  • банктердің бөлімшелерінде;
  • банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы банк картасын пайдалана отырып.