Date of publication: 24.06.2025 12:46
Date of changing: 24.06.2025 14:53

Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету үшін туризм объектілері бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкелері және Алтай ауданы – Алтай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері, Алтай ауданының төтенше жағдайлар басқармасының өкілдерімен және ШҚО көліктік бақылау инспекциясының өкілдерімен бірлесе отырып Бұқтырма су қоймасының жағалауында заңсыз кәсіпкерлікті, кәсіпкер ретінде тіркелмей су көліктерімен қызмет атқаратын тұлғаларды анықтау бойынша рейдтік тексерулер жүргізілуде (гидроцикл, катер, теплоходпен қыдырту).