Date of publication: 30.05.2025 17:52
Date of changing: 30.05.2025 17:53

265 млн 116 мың теңге сомасында тіркелмеген 304 940 қорап темекі өнімдері тәркіленді

 

Өскемен қаласы                                                                                                                                30.05.2025 ж.

 

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тауардың ерекшелігін және олардың халыққа әсерін ескере отырып, акцизделетін өнім нарығында заңнаманы сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде. ШҚО аумағында осындай кезекті іс-шаралардың аясында жекелеген қызмет түрлерін, атап айтқанда темекі өнімдерін көтерме сатуды жүзеге асыру жөніндегі қызметті тіркеу есебі бойынша ҚР заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталды.

2025 жылғы 14 сәуірде облыстың 3 қаласы: Шемонаиха, Риддер, Алтай қалаларында тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеусіз жалпы сомасы 265 млн. 116 мың теңгеге 304 940 қорап мөлшерінде темекінің ірі партияларын сақтау анықталды.

Жоғарыда аталған фактілерден кейін облыс бойынша алдымен темекі өнімдерінің айналымы нарығында басқа да бұзушылықтар анықталды, оның ішінде темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз өткізудің 13 фактісі, 1,8 млн.теңге сомасына тауарларды тәркілеумен 4 731 қорап алынды.

Осы құқық бұзушылықтар үшін ҚР заңнамасында әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті темекі бұйымдарын заңсыз айналымға тартпау үшін салық төлеушілер темекі бұйымдарын таңбалау және қадағалау бөлігінде ҚР заңнамасын қатаң сақтауы қажет екенін хабарлайды.

Барлық салық төлеушілердің назарына, күмәнді өндірістегі темекі өнімдерін сатып алуды болдырмау мақсатында "NAQTY ONIM" мобильдік қосымшасының көмегімен темекі бұйымдарын (сәйкестендіру құралдарын) таңбалаудың түпнұсқалығын тексеруді жүргізу қажет екендігін жеткіземіз.

Облыс тұрғындары акцизделетін өнімді заңсыз өткізу фактілері туралы Пермитин көшесі, 27 мекенжайы бойынша орналасқан ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне немесе 8-7232-57-84-79 телефоны арқылы  хабарлай алады.