Date of publication: 29.05.2025 08:52
Date of changing: 29.05.2025 08:53

– Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты қолданылатын, оның ішінде Одақ туралы шартқа сәйкес біржақты тәртіппен енгізілетін тарифтік емес реттеу шаралары, техникалық реттеу шаралары, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шаралар және радиациялық талаптар;

Тыйым салулар мен шектеулерді сақтау 26 желтоқсан 2017 жылғы № 123-VI ЗРК «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 8 бабына  сәйкес  реттеледі.

Тауарлар тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) кедендік рәсімдермен орналастырылады.

Тарифтік емес реттеу шараларын, оның ішінде біржақты тәртіппен енгізілетін тарифтік емес реттеу шараларының және техникалық реттеу шараларының сақталуы – Одақ туралы шартқа сәйкес Комиссия айқындаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен, ал өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шараларының, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шаралардың сақталуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған жағдайларда және тәртіппен осындай шаралардың сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну арқылы расталады.

Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптардың сақталуы Одақ туралы шартта және оған сәйкес қабылданған Комиссияның актілерінде белгіленген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық, радиациялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша расталады.

Егер халықаралық пошта жөнелтілімдері:

1) келу орнынан халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарлармен кедендік операциялар жасау орнына дейін;

2) келу орнынан кету орнына дейін тасымалданса, оларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде декларанттарға тыйым салулар мен шектеулерді сақтау жөніндегі міндет жүктелмейді.