
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 3 сәуірден бастап республикалық «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының жалғасатынын хабарлайды. Бұл акция аясында кез келген азамат тауар сатып алып немесе ақылы қызмет алып, ақшалай және бағалы жүлделерді ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.
Акцияға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлем жасалған чектерді тіркеу жеткілікті. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар онлайн-ККМ арқылы берілген фискалды чектер қатысады.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың белсенділігін арттыру, тұтынушы ретінде өз құқықтарын қорғау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың үлесін азайту.
«Amian» қосымшасын App Store және Play Market дүкендерінен тегін жүктеуге болады.