Date of publication: 08.05.2025 09:59
Date of changing: 08.05.2025 10:01

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Бәйге» атты жаңа акцияның өткізілетінін хабарлайды. Аталған акция аясында белгіленген кезеңде ең көп фискалдық чекті тіркеген жеке тұлғаларға 100 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі. Акция 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 31 желтоқсанға дейін бүкіл ел бойынша өткізіледі.



Әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша әр өңірден (жалпы 20 жеңімпаз — әр облыс пен республикалық маңызы бар қаладан бір жеңімпаз) ең көп фискалдық чек сканерлеген азаматтарға 100 000 теңге көлемінде жүлде беріледі.

Акция тоқсан сайын өткізіледі:

1-кезең: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін;

2-кезең: үшінші тоқсанда;

3-кезең: төртінші тоқсанда.



Аталған акцияға қатысу үшін «Amian» мобильді қосымшасы арқылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге төленген чектерді тіркеу қажет.



Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды тұтынушы құқығын қорғау үшін бақылау-кассалық машиналардан берілетін чектерді талап етуге шақырады.