
Қазақстан Республикасының Кодексінда «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 47-таруына камералдық кедендік тексеру өткізу тәртібі негізгі ережелер бекетілген.
Камералдық кедендік тексеру осы Кодексте белгіленген кедендік бақылаудың өзге нысандарын және осы Кодексте көзделген кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, тауарлар шығарылғаннан кейін тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында кеден органы жүргізетін кедендік бақылау нысаны болып табылады.
Камералдық кедендiк тексеру кедендік операцияларды жасау кезінде және (немесе) кеден органдарының талап етуі бойынша тексерiлетiн тұлға ұсынған кедендiк декларациялардағы және (немесе) коммерциялық, көлiктiк (тасымалдау) және өзге де құжаттардағы мәлiметтердi, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құжаттары мен мәліметтерін, сондай-ақ кеден органдарында бар және тексерілетін тұлғаға қатысты басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау арқылы, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Камералдық кедендік тексеруді кеден органдары тексерілетін тұлғаға бармай, сондай-ақ кеден органының камералдық кедендік тексеруді жүргізу туралы шешімін (нұсқамасын) ресімдемей, кеден органының тұрған жері бойынша жүргізеді.
Кеден органы тексерілетін тұлғаны камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша хабардар етеді.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген, кеден органының басшысы немесе кеден органы басшысының орынбасары қол қойған хабарламаны жіберген күн камералдық кедендік тексеруді жүргізу басталған күн болып саналады.
Камералдық кедендік тексеруді жүргізу мерзімі тексерілетін тұлғаға осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс. Көрсетілген мерзімге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарды, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, өзге де ұйымдарға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарына сұрау салуларды жіберу күні мен құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты алу күні арасындағы уақыт кезеңі қосылмайды.
Камералдық кедендік тексеруді жүргізу үшін:
1) Қазақстан Республикасының кеден және өзге мемлекеттік органдарының ақпараттық ресурстарында қамтылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпаратты талдау нәтижесінде алынған деректер;
1-1) тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын ақпарат;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің кұзыретті органының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге байланысты шетелдік тұлғамен мәміле жасаған тұлғаны тексеруді жүргізу туралы өтініші (сұрау салуы), сондай-ақ шет мемлекеттердің салық, кеден және құқық қорғау органдарымен ақпарат алмасу нәтижесінде алынған деректер;
4) тұлғаның камералдық кедендік тексеру жүргізу туралы бастамамен жүгінуі;
5) өзге нысандарда салықтық бақылау, кедендік бақылау жүргізудің және (немесе) кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолданудың Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ықтимал бұзылуын куәландыратын нәтижелері, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындамау;
6) кеден органдарының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы кедендік тексеру барасында келіп түспеген жауап алынған жағдайлар;
7) тексерілетін тұлғаның қайта ұйымдастырылуы және (немесе) тексерілетін тұлғаның банкроттыққа (таратуға) арналған құжаттарды беруі негіз болып табылады.
Камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі шектелмей жүзеге асырылады.
Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша камералдық кедендік тексеруді аяқтау нысаны болып табылатын камералдық кедендік тексеру актісі жасалады. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылады.
Кеден органдары камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша кедендік декларациядағы бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін тұлғаға оларды өз бетінше жою құқығы беріледі..
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі тексерілетін тұлғаға мұндай хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда тексерілетін тұлға 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №123-VI ҚР кедендік реттеу туралы Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 55-тарауында белгіленген тәртіппен мұндай хабарламаға шағым жасай алады.
Камералдық кедендік тексеру актісінің нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Екі данада ресімделетін және кедендік тексеруді жүргізген лауазымды адамдар қол қоятын камералдық кедендік тексеру актісі жасалған күн камералдық кедендік тексеру аяқталған күн болып есептеледі.
9-1. Осы баптың 9-тармағында көзделген камералдық кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін кеден органы тексерілетін тұлғаға Кодекстің "416"-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісін жібереді немесе табыс етеді.
Камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісі деп кеден органы жасаған камералдық кедендік тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат түсініледі.
Бұл ретте тексерілетін тұлға камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуға құқылы.
Тексеру нәтижелері туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға Кодекстің "416"-бабында белгіленген тәртіппен камералдық кедендік тексеру актісімен бір мезгілде жіберіледі немесе табыс етіледі.