Date of publication: 19.03.2025 17:56
Date of changing: 19.03.2025 17:56
2025 жылғы 19 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері үшін ZOOM конференциясы арқылы жалпыға бірдей декларациялау бойынша, оның ішінде 270.00 нысанындағы "кірістер мен мүлік туралы" декларация бойынша семинар өткізді.
 
Декларацияны толтыру тәртібі, ұсыну тәсілдері мен мерзімі, декларацияны ұсынбағаны үшін жеке тұлғалардың жауапкершілігі туралы келіп түскен барлық сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында декларацияны тапсыруға көмек көрсетілді.
 
Сөз соңында Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері спикерлерге түсіндіргені үшін алғыстарын білдірді.
 
 
 
Cеминар для сотрудников Восточно -Казахстанской областной территориальной инспекции Комитета государственной инспекции в Агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан